"Қайраттан" кеткен Вагнер Лав басқа командаға ауысты

©fckairat

Белгілі футболшы Вагнер Лав Данияның "Мидтьюллан" клубымен келісімшартқа қолы қойды, деп хабарлайды Globo Esporte басылымы.

Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы дат командасының сапында жарты жыл доп тебетін болады. 17 қаңтарда 37 жастағы форвард медициналық тексерістен өтеді.

Қазіргі таңда "Мидтьюллан" Дания чемпионатында 17 турдың қорытындысы бойынша 35 ұпаймен көш бастап тұр. 2020 жылы даниялық клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Еске салайық, Вагнер Лав "Қайрат" сапында 57 матчта алаңға шығып, 27 гол салды. 20 рет нәтижелі пас берді. "Халықтық" ұжыммен бірге Қазақстан чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар