"Қайраттан" кеткен Құрбан Бердыев жаңа қызметіне қатысты алғаш рет пікір білдірді
"Қайрат" футбол клубының экс бас бапкері Құрбан Бердыев қызметінен кеткен соң алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат" футбол клубының экс бас бапкері Құрбан Бердыев қызметінен кеткен соң алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
6 маусымда "халықтық" команданың ресми сайтында белгілі жаттықтырушының қызметінен кеткені жайлы ақпарат тарады. Осыдан кейін көптеген БАҚ өкілдері Бердыевтың Тула қаласының "Арсеналын" жаттықтыратыны жайлы жарыса жазды.
"Шынымды айтсам, бұл туралы бірінші рет естіп отырмын. Жаңа қызметім жайлы БАҚ беттерінен оқығандықтан, таң қалып отырмын", - деп берді РИА Новости Бердыевтің сөзін.
Еске салайық, белгілі бапкер 2021 жылдан бері "Қайрат" клубын жаттықтырып, өткен маусымда команда алғаш рет УЕФА Конференция Лигасының топтық кезеңінде ойнады.
Биылғы маусымда "Қайрат" ішкі чемпионатта 12 матчтан кейін 16 ұпаймен 8-орынға жайғасқан.
Жарнама