Польшалық футболшы Конрад Вжесиньски отанына оралып, "Ягеллониямен" келісімшартқа отырды. Бұл туралы белостоктік футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа келісім 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалды.
27 жастағы Вжесиньски ойнаған кейінгі клуб "Қайрат" болды. Алматылық командада ол 2019 жылдан ойнады, ал 2020 жылы алматылықтарға 16 жылдан кейін қайта чемпион болуға көмектесті. Хавбек "Қайрат" үшін 43 матч өткізіп, алты гол салды және 11 ассист жасады.
"Ягеллония" Польша чемпионатында 21 матче 25 ұпай жинап, 16 команда арасында 12-ші келеді.