"Қайраттан" кеткен Гуральски алғыс білдірді

©Қайрат ФК

"Қайраттың" экс капитаны Яцек Гуральски клубтан кеткен соң әлеуметтік желіде қазақстандық команда мен қызметкерлеріне алғыс айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Құрметті "Қайрат" отбасы!

Сіздермен бірге өткізген 2,5 жыл үшін алғысымды айтамын. "Қайрат" клубының басшысына және басқа да басшыларға маған сенім артқаны үшін рақмет! Команданың барлық қызметкеріне, бапкерлік штабқа және бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғыс айтамын. "Қайрат" пен Алматы менің және отбасымыздың жүрегінде мәңгі қалары анық. Клубтың болашақ ойыншыларына менің басымнан кешкен чемпиондық, еурокубок ойындарын көру бақыты бұйырсын! Командаға сәттілік тілеймін!", - деп жазды Гуральски.

Еске салайық, Гуральски Қайрат сапына 2020 жылдың қаңтар айында ауысты. Осы уақыт аралығында Польша құрамасының жартылай қорғаушысы 37 матчта алаңға шықты. Соның ішінде өткен жылы Конференция Лигасының төрт кездесуінде өнер көрсетті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport