Футбол
21 ақпан 2022 16:41

"Қайраттан" кеткен Бразилия құрамасының ойыншысы өзіне жаңа команда тапты

©"Қайрат" ФК

Футзалдан Бразилия құрамасының ойыншысы Ранжел Тайнан алматылық "Қайраттан" кеткеннен кейін өзіне жаңа команда таңдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ранжел "Қайрат" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп, 90 кездесуге қатысып, 50 гол соққан. 

"Қайрат" Вэнесуэла құрамасының ойыншысын сапына қосты

Әу баста Ранжел ресейлік "Динамо-Самара" сапына қосылуы керек еді. Алайда ресейлік команданың президенті пара алды деп айыпталуда. Осыған байланысты Ранжел командаға келіп үлгере алмады. 

Содан соң бразилиялық өзінің туған отанына оралды. Енді ол бразилиялық "Пату Футзал" командасы сапында өнер көрсетеді. Бұған дейін 2009 және 2017 жылдар аралығында Ранжел осы клубтың намысын қорғаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport