"Қайрат" командасының бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыев мәскеулік команданың тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды "Инсайды от Карпа" телеграм арнасы.
Дереккөздің ақпараты бойынша, мұндай мәліметтерді қазіргі уақытта футбол агенттері айтып жатыр екен.
Еске салайық, "Қайрат" 69 жастағы маманның командадан кеткенін кеше хабарлады. Қазақстан біріншілігінің 12 турынан кейін алматылықтар тек сегізінші орында келеді.