"Қайраттан" бапкер кетті. Бердыев не істейді?

©Қайрат ФК

"Қайрат" клубының бапкерлік штабынан команданың физикалық дайындығына жауапты грекиялық Христос Пападопулос кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Енді Пападопулос халықтың командасын кезінде жаттықтырған Алексей Шпилевскиймен бірге жұмыс істейді. Пападопулос неміс Бундеслигасында екі жыл жұмыс істеді. 2000-2009 жылдары "Шалькеде" Марк Вильмотс, Юпп Хайнкес және Ральф Рангник сынды жаттықтырушылармен қызметтес болса, 2011-2015 жылдары "Штутгарттың" бапкерлік штабында еңбек етті. Сонымен қатар, Дубайдың "Әл-Наср" клубында бір жыл жұмыс істеді. Кезінде "Қайратта" Алексей Шпилевскиймен бірге болған Пападопулос беларуссиялық бапкермен Аристе (Лимасол) қайта жолдары түйісті", - деп жазады кипрлік команданың ресми сайты.

Еске салайық, Пападопулос 2020 жылғы маусымда "Қайрат" клубына Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алу үшін септігін тигізді. Осыған дейін бас бапкер Құрбан Бердыев Ресейдің "Рубиніне" қайта барады деген ақпараттар тарады. Алайда ресейлік клубтың баспасөз қызметі бұл алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар