Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтың еуропалық клубтарға ауысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
— Жеке деңгейдегі өсім туралы айтқанда, Анарбековтың есімі аталып жүр.
"Темірланға өз күшін мықтырақ лигада сынап көру керек. Ол әр матчта өз мүмкіндігін көрсетіп жүр, ал егер сол жақта да осылай жалғастыра алса, одан бетер ілгерлей түседі. Қақпашы үшін Анарбеков әлі жас. Егер Еуропаға баруға мүмкіндік туса, біреулер назар аударып, шақырса - бұл өте жақсы болар еді. "Қайратқа" нақты ұсыныстар түсті дегенді естіген жоқпын. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдары еуропалық клубтардың қызығушылығы бар екенін жазып жатыр", - деді Уразбахтин "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.
Жарнама