Футбол
8 қазан 09:39
 

"Қайратта" Сәтбаевтың Қазақстан құрамасымен ойнамайтынына қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Қайратта" Сәтбаевтың Қазақстан құрамасымен ойнамайтынына қатысты мәлімдеме жасады ©Vesti.kz/Болат Айтмолда

"Қайрат" футбол клубының ардагері Құралбек Ордабаев Дастан Сәтбаевтың Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Қайрат" футбол клубының ардагері Құралбек Ордабаев Дастан Сәтбаевтың Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Дастан Сәтбаевтың 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге (10 қазан) және Солтүстік Македонияға (13 қазан) қарсы матчтарда ұлттық құрамаға көмектесе алмайтыны белгілі болған еді.

"Соңғы матч алдында Дастан өзін жайсыз сезінген, бірақ командаға көмектескісі келіп, ешкімге тіс жармаған. Соған қарамастан, ол толық ойын өткізіп, тіпті гол да соқты. Бірақ матчтан кейін ауырсыну күшейіп, ол медициналық штабқа жүгінуге мәжбүр болды.

Тексеру нәтижесінде сол жақ жамбас бұлшықетінде шамамен төрт сантиметрге жуық ісіну, сіңірдің созылуы, микрожарықтар анықталды. Бұл жас ағза үшін айтарлықтай жүктеме, сондықтан дәрігерлер оған клуб базасында қалып, қалпына келу курсынан өтуді ұсынды. Клуб бұл мәселені құраманың медициналық штабымен келісіп, жағдай туралы ресми түрде хабарлады. Өкінішке қарай, бұл жолы Дастан ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

Жігіттеріміз ешқашан құрамадан бас тартпайтынын атап өткім келеді. "Қайрат" футболшылары үшін Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғау - әрдайым үлкен мәртебе мен мақтаныш болған. Сондықтан дәл қазір ең маңыздысы - Дастанның толықтай сауығып, жаңа күшпен оралуы. Ол әлі де клубқа да, ұлттық құрамаға да көмек көрсете алады", - деп береді Ордабаевтың сөзін "Қайраттың" баспасөз қызметі

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!