Футбол
27 шілде 2022 10:58

"Қайратта" дикторды қызметінен босатуға қатысты пікір білдірді

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" ФК маркетинг бөлімінің жетекшісі Абылайхан Адылханов Конференция лигасындағы "Кишвардаға" қрасы іріктеу матчінен кейін диктор Әділет Бисариевтің қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz. Мұның алдында бұл мәселе жанкүйерлер арасында пікірталас тудырған еді. 

"Кишвардаға" қарсы өткен Конференция Лигасының іріктеу ойынынан кейін, Әділеттің жұмысына қатысты біршама сұрақтар туындады, бұл жағдай Конференция Лигасының іріктеу ойынан бұрын да қарастырылып келген.

Клубтың басшылығымен ақылдаса отырып Әділеттің жұмысын екі ойынға тоқтата тұруға шешім қабылданған еді, осы уақыт арасында бұл жағдайдың шешімін тауып Әділетпен жұмысты ары қарай жалғастыруды көздедік.

Қазақстан Кубогы аясында "Ақсуға" қарсы ойын күні жұмыс келісім-шартын тоқтата тұру туралы шешімді жариялағаным үшін кешірім сұраймын, ол менің қателігім болды.

Сонымен қатар, Әділетті ешкім жұмыстан шығармағанын айта кеткім келеді, біз аздаған уақыт үзіліс жасап, жағдайды реттеп жұмысқа қайта оралғымыз келген болатын.

Іс жүзінде біз Әділетті жұмыстан шығара да алмаймыз, себебі ол ресми түрде "Қайрат" футбол клубының қызметкері емес. Ол клубта жалдамалы қызметкер ретінде жұмыс жасайды.

Осы орайда, орын алған келеңсіз жағдай үшін Әділеттен кезекті мәрте кешірім сұраймыз және оның клуб үшін жасаған жұмысын жоғары бағалайтынымызды айта кеткім келеді.

Мемлекеттік тілімізге қатысты мәселеге келер болсақ, "Қайрат" футбол клубы әлемдік аренада Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын ұжым болғандықтан, ана тілімізді және мемлекеттік рәміздерімізді қадірлейтінімізді айтқым келеді. Сол себепті де біз Әділетпен бірге жасалатын жұмысымыздың жоғары деңгейде болғанын қалаймыз", - дейді Адылханов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport