"Қайрат" клубының баспасөз қызметі қақпашы Темірлан Анарбековтың командадағы дебюті туралы естелік жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"5 жыл бұрын 17 жастағы Темірлан Анарбеков "Кайрат" құрамында дебют жасады. Бұл оқиға Премьер-лиганың 22-турындағы "Тараз" клубына қарсы өткен матчте (0:1) болды", – деп жазды алматылықтар әлеуметтік желіде.
Еске салайық, сол жылы "Кайрат" өз тарихында үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Алматылықтардың негізгі голкипері Стас Покатилов болған. Анарбеков алтын жүлденің тағдыры анықталған КПЛ-2020 соңғы турында алаңға шыққан еді.
Қазіргі уақытта алматылықтар бес рет чемпион атанды, ал Анарбеков осы маусымда негізгі қақпашы болып, Чемпиондар лигасында өнер көрсетуді жалғастырып жүр.