"Қайратпен" ойын алдында "Омонияның" үш негізгі футболшысы қатардан шығып қалды

14 қыркүйек 2021 20:25
Эрик Ботеак. Сурет: 90min.com

Конференция лигасында "Қайратпен" кездесуде алдында никосиялық "Омония" клубының үш негізгі футболшысы қатардан шығып қалды. Бұл туралы Alphanews хабарлады. 

Қазақстанға кипрліктердің қорғаушысы Иоаннис Кусулос, жартылай қорғаушылар Эрик Ботеак және Миккель Дискеруд келе алмайды. Бұл футболшылар жарақат алып қалған. 

Басылымның жазуынша, бұл үш ойыншы да негізгі құрамда. Сондықтан енді команданың бас бапкері Хеннинг Берг басқа жоспар құру керектігін айтады. 

Еске салайық, "Қайрат" пен "Омония" арасындағы ойын 16 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар