Конференция лигасында "Қайратпен" кездесуде алдында никосиялық "Омония" клубының үш негізгі футболшысы қатардан шығып қалды. Бұл туралы Alphanews хабарлады.
Қазақстанға кипрліктердің қорғаушысы Иоаннис Кусулос, жартылай қорғаушылар Эрик Ботеак және Миккель Дискеруд келе алмайды. Бұл футболшылар жарақат алып қалған.
Басылымның жазуынша, бұл үш ойыншы да негізгі құрамда. Сондықтан енді команданың бас бапкері Хеннинг Берг басқа жоспар құру керектігін айтады.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Омония" арасындағы ойын 16 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді.