"Астана" Қазақстан кубогы жартылай финалы аясындағы "Қайратпен" бірінші ойын алдында бірнеше футболшыдан айырылды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Атап айтқанда бұл матчке бес ойыншы қатыспайды. Қорғаушы Лев Скворцов Қазақстан кубогының 1/4 финалындағы "Каспиймен" екінші ойында (1:0) екінші ескерту алды. Ресейлік жартылай қорғаушы Валерий Чуперка алаңнан қуылды. Белоруссиялық жартылай қорғаушы Макс Эбонг та қызыл қағаз алды.
Сонымен бірге, жартылай қорғаушылар Исламбек Қуат пен Тигран Барсегянда да осындай жағдай.
Еске салайық, "Астана" - "Қайрат" матчі 7 қараша "Астана Аренада" өтеді. Қарымта 20 қараша Алматыда.