26 жастағы камерундық қорғаушы Маки Баньяк "Қайрат" сапына қосылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz. "Барселона" түлегі алматылық клубпен барлық міндетті орындай алатынын мәлімдеді.
Еске салайық, Баньяктың командаға қосылғанын алматылықтар кеше ресми жария етті. Футболшымен келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған.
"Қайрат" клубына қосылғанымды мақтан тұтамын. Бұл үлкен жетістіктерді армандайтын амбияциясы бар клуб, ал мен әдеттегідей барымды саламын, бірге біз барлық міндетті орындаймыз", - деп жазыпты Баньяк Instagram желісінде.