"ЦСКА қорғанысын күшейтуді қарастырып жатыр. Олардың қызығып отырған футболшылары арасында "Тамбовтың" ортаңғы қорғаушысы Седрик Гогуа бар. ЦСКА оның агенті Дмитрий Селюкпен 25 жастағы футболшы бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы журналист Нобель Арустамян мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Гогуа мен оның өкілдері "Тамбов" басшылығын ойыншы клубтан кететінін ескертті. Ивуарлықтың бұл клубпен келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Еске салайық, Гогуа 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылдың наурызына дейін алматылық "Қайрат" және бірінші лигадағы "Қайрат А" сапында (қазір "Қайрат-Жастар") ойнаған. Футболшы алматылықтардың негізгі командасы үшін 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогында "Астанаға" (0:3) қарсы бір матч қана ойнады. Осыдан кейін алматылықтар онымен қош айтысты.