Футбол
30 қыркүйек 10:39

"Қайратқа" қарсы матчті Мабппе қосалқы ойышы қатарында бастайды

©x.com/realmadrid

"Реал" клубында Килиан Мбаппеге қатысты алаңдаушылық артып келеді. Команда Алматыда "Қайратқа" қарсы алдағы ойынға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда команда ішінде басқа мәселе талқылануда. "Атлетикодан" 2:5 есебімен ұтылу мадридтіктерге ауыр соққы болып тиді және үлкен бір мәселені айқындап берді: "Реалдың" шабуылы Мбаппеге тым тәуелді. Франциялық шабуылшы маусым басынан бері он гол соқты (сегізі Ла Лигада, екеуі Чемпиондар лигасында), ал қалған ойыншылар бұл көрсеткіштен едәуір артта қалып отыр.

Винисиус Жуниордан бөлек, гол авторлары қатарында Арда Гюлер, Франко Мастантуньо және Эдер Милитао ғана бар. Ал Родриго Гоэс, Браим Диас, Феде Вальверде мен Орельен Тчуаменидің әлі нәтижелілігі төмен болып тұр.

Сол себепті команда ішінде алаңдаушылық күшейіп отыр: қазір Мбаппе - қарсылас қақпасы алдында шешуші сәттерді тұрақты түрде жасап беріп жүрген жалғыз ойыншы. Енді бір қызық жайт - Defensa Central дерегінше, "Қайратқа" қарсы ойында Килиан Мбаппе бастапқы құрамға кірмеуі мүмкін.

Егер бұл ақпарат расталса, онда Мбаппесіз басталған ойында нәтиже үшін жауапкершілік бүкіл командаға тарқата бөлінетін болады. "Реал" үшін бұл кездесу тек турнирлік ұпай тұрғысынан ғана емес, өзінше бір сынақ – команда өзінің басты жұлдызына демалыс берілгенде де барынша нәтиже көрсете ала ма, соны дәлелдеу мүмкіндігі болмақ.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport