"Қайратқа" жаңа бапкер келеді

©"Ростов" ФК

"Қайрат" клубының бапкерлер штабында ауыс-түйіс болмақ. Бұл туралы "СпортРадар.kz" телеграм арнасы хабарлап отыр. 

Құрбан Бердиевке "Рубин" мен "Ростовта" ұзақ уақыт көмектсекен, ал 2020 жылдан МФФ (Молдава футбол федерациясы) спорт директоры болған Иван Данильянц алматылық бапкерге қайтадан көмекші болмақ. 

Данильянц Ашхабад тумасы екен, сондықтан Бердыевпен көптен бері таныс. 68 жастағы маман Молдаовадан бөлек, Аустрия азаматтығына да ие.

"Қайрат" ҚПЛ-2021 маусымында күміс жүлдегер атанды, команда маусым аралығында бірнеше футболшымен қоштасты, ал біреуін екінші командаға ауыстырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport