"Қайратқа" болашақта сәттілік тілеймін". "Базель" бапкері

©Keystone

"Қайрат" пен "Базель" арасындағы УЕФА Конференция Лигасының бесінші турынан кейін швейцариялық клубтың бас бапкері баспасөз мәслихатында журналистер сауалына жауап берді, деп жазады Vesti.kz.

- Есеп 2:1 болып тұрған сәтте сіз бірден алаңға үш ойыншыны шығардыңыз. Бұл алдына ала жасалған жоспар болды ма әлде таблодағы есепке байланысты өзгеріс енгіздіңіз бе?

- Алдын ала жоспарымызда болмады. Тек ұтылып жатқандықтан, өзгерістер енгізу керек болды. Бағымызға қарай екінші таймда шыққан ойыншылар сенімді ақтады.

- Швейцариядағы матчпен салыстырғанда бүгін "Қайрат" сапалырақ ойнады деп ойлайсыз ба?

- Әлбетте. Біз "Қайраттың" қарқынына жақсылап дайындалып келгенбіз. Мен Конференция Лигасында алматылық ұжымның барлық кездесуін көріп шықтым. Олар (ред. "Қайрат") тіпті өткенде "Карабахты" ұтып кете жаздады.

- Ал бүгін ұтатын мүмкіндігі болды ма?

- Әрине болды. "Қайрат" екі рет есепте алда болды. 1:0 және 2:1. Алаңға тыңнан шыққан жігіттеріміз бапкер нұсқауын бұлжытпай орындады деп ойлаймын. Нәтижесінде жеңіске жеттік. Сөз соңында қонақжайлылық танытқандарыңызға алғыс айтамын. "Қайратқа" болашақта сәттілік тілеймін.

Еске салайық, "Қайрат" пен "Базель" арасындағы матчта 2:3 есебімен швейцариялықтар жеңісті тойлады. "Халықтық" команда сапында Вагнер Лав пен Камо Оганесян гол салды. Бесінші турдың қорытындысы бойынша Құрбан Бердыев ойыншылары 1 ұпаймен ең соңғы орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар