"Қайрат" Вэнесуэла құрамасының ойыншысын сапына қосты

©instagram.com/carlos_sanz2/

Футзалдан "Қайрат" сапына жаңа ойыншы Карлос Санз қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылық клубтың мәліметінше, ол 2014 жылдан бері Венесуэла құрамасында ойнап келеді. Келісімшарт 2023 жылдың маусымына дейін жасалды.

Футболшы 18-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

25 жастағы футболшы қорғаушы позициясында ойнайды. Футболшы түрлі кезде Италия, Хорватия, Перу мен Эквадорда өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар