"Қайрат" ФК бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавты салтанатпен шығарып салмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл шара 25 қараша Алматыда Конференция лигасы топтық кезеңіндегі швейцариялық "Базельмен" матчтен кейін жанкүйерлер көзінше өтеді.
"Базельге" қарсы кездесу, әлемдік футбол аңызы үшін "Орталық" стадиондағы соңғы матчы болмақ. Ойынның негізгі уақыты аяқтала салысымен ойыншыны шығарып салу рәсімі өтетін болады", - делінген клуб хабарламасында.