Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі мадридтік "Реалмен" өз алаңындағы тарихи матчі 0:5 есебімен бітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойынның алғашқы таймында-ақ "Реал" алға шықты. 24-минутта 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза аргентиналық Франко Мастантуоноға қарсы айып алаңында ереже бұзды. Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты - 0:1.
Екінші таймда франциялық шабуылшы өзінің шоуын жалғастырды. 52-минутта ол қонақтардың қарсы шабуылын нәтижелі аяқтады - 0:2. Тағы 20 минуттан кейін, Арда Гюлердің пасымен Мбаппе хет-трик авторы атанды - 0:3.
83-минутта Родриго Гоэстің қапталдан берген пасымен Эдуардо Камавинга есепті өсірді - 0:4. Ал ойынға 93-минутта қосылған марокколық жартылай қорғаушы Браим Диас бесінші голды салып, қорытынды есепті белгіледі - 0:5.
Осылайша, мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда айқын жеңіске жетті. Ал "Қайрат" топтық кезеңдегі өз алаңындағы алғашқы матчында жанкүйерлерін нәтижемен қуанта алмады.
Енді "корольдік клуб" турнир кестесінде көш бастап тұр - 6 ұпай. Бірінші турда Хаби Алонсоның шәкірттері франциялық "Марсельді" ұтқан болатын.