"Қайрат" - "Тобыл" және Қазақстан чемпионы 15-ші турының өзге үш матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК
Бүгін, 26 қазанда футболдан Қазақстан чемпионаты 15-ші турының төрт матчі өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін ойнайтын командалар "Жетісу" - "Қайсар" (басталуы 13:00), "Тобыл" - "Қайрат" (14:00), "Каспий" - "Ордабасы" (18:00) және "Оқжетпес" - "Астана" (20:30).

 "Тобыл" мен "Қайрат" кездесуін Qazsport арнасынан тамашалауға болады. Тікелей трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.

Осыған дейін екі клуб жалпы 59 рет ойнаған екен. 21 кездесуде қостанайлықтар жеңіп, 12 матч тең болған және алматылықтар 26 рет ұтқан.

Осы ойын алдында "Тобыл" 23 ұпаймен турнир кестесінде төртінші, ал "Қайрат" 35 балл жинап, бірінші келеді.