"Қайрат" - "Тобыл" және алтыншы турдың тағы үш матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 19 сәуірде футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионаты алтыншы турының екінші ойын күнінің матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Жетісу" - "Ордабасы" (15:00), "Ақтөбе" - "Шахтер" (17:00), "Қайрат" - "Тобыл" (19:00) және "Тұран" - "Каспий" (19:00) ойнайды.

Бірінші үш ойыны Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қоса, матчтерді PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.

Мұның алдындағы бірінші ойын күнінде "Тараз" командасы "Ақжайықты" ұтты (1:0), "Астана" клубы "Қызыл-Жардан" басым түсті (3:1), ал "Қайсар" мен "Атырау" тең түсті (1:1).

Жаңалықтар