Футбол
27 қаңтар 13:10

"Қайрат" Темірлан Анарбековке қатысты шешімін ресми жария етті

©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков алматылық "Қайратпен" келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан премьер-лигасының 2025 жылғы чемпионы "Қайрат" Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековпен жаңа келісімге қол қойғанын ресми түрде жариялады. Жаңартылған шарт 2028 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды.

Анарбеков биылғы маусымда жарқ еткен футболшылардың бірі болды. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, 11 ойында қақпасын "құрғақ" сақтады және басқа матчтерде жалпы 18 гол жіберді. Осы көрсеткіштері арқылы ол алматылық команданың қорғанысындағы сенімділіктің артуына зор үлес қосты. Маусым қорытындысы бойынша клуб жанкүйерлері оны команданың үздік ойыншысы деп таныды.

Қақпашы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде де ерекше көзге түсті. Бұған дейін Анарбеков турнирде сейвтер саны және гол болау мүмкін сәттеродің алдын алу (xG prevented) көрсеткіші бойынша көш бастады. Оның нәтижесі - 5,85, бұл жарысқа қатысқан барлық қақпашылар арасындағы ең үздік нәтиже.

Порталдардың мәліметінше, қазіргі уақытта Темірлан Анарбековтың нарықтық құны шамамен 400 мың еуроға (шамамен 242 миллион теңге) бағаланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық "Қайрат" жас қақпашы Шерхан Қалмырзамен де келісімшартты ұзартқанын хабарлаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport