"Қайрат" тарихындағы үздік легионердің бірі үшінші рет қатарынан еуропа чемпионатының "алтынын" ұтып алды

Фото: ФК "Ференцварош"©

Бұрын "Қайрат" сапында ойнаған Исаэль Барбоза өнер көрсететін "Ференцварош" клубы Венгрия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Клуб "Уйпешт" командасын 30-айналымда 3:0 есебімен жеңді. Мюрто Узуни 13-минутта алғашқы гол авторы атанса, 77-минутта пенальтиді мүлт жібермеді. Сондай-ақ, Токмак Нгуен 30-минутта ойынның тағы бір голының авторы атанды. 

2019 жылдан бері "Ференцварош" сапында өнер көрсететін Исаэль үшін бұл қатарынан үшінші рет қол жеткізген жеңісі. 32 жастағы бразилиялық ойыншы "Қайрат" командасында 2014-2018 жылдар аралығында ойнаған еді. Бес маусымда 174 ойын өткізіп, 41 голдың және 54 ассист авторы атанған еді. Оның қоржынында ҚПЛ-дің төрт "күмісі" мен бір "қоласы", сонымен қатар Қазақстанның бір Кубогі мен Суперкубогі бар. 

Метки:
Жаңалықтар