"Қайрат"- "Тараз" , "Тобыл" - "Астана" және үшінші турдың тағы екі матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Астана" ФК

Бүгін, 5 сәуірде Қазақстанның футболдан OLIMPBET-чемпионаты үшінші турының қалған төрт матчі өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Қызыл-Жар СК" - "Шахтер" (15:00), "Ордабасы" - "Ақжайық" (17:00), "Қайрат"- "Тараз" (17:00), "Тобыл" - "Астана" (19:00) командалары ойнайды.

Кейінгі екі ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қоса, матчтерді pflk.tv арнасынан тамашалауға болады.

Мұның алдында өткен үшінші тур ойындарында "Каспий" командасы "Жетісуды" ұтты (2:0), "Атырау" клубы "Ақтөбеге" есе жіберді (1:3), ал "Тұран" мен "Қайсар" тең түскен (1:1). 

Жаңалықтар