"Қайрат" сырт алаңда "Шахтерден" басым түсті

©"Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан Премьер лигасының 24-турында "Қайрат" сырт алаңда "Шахтерді" ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қарағандыда өткен ойын 2:0 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталды. Бірінші таймда алматылықтар сапында Артур Шушеначев көзге түсті. Үзілістен кейін шабуылшы дубльдің авторы атанды. 

Осышайла, "Қайрат" 39 ұпай жинап, төртінші орында тұр. Бұл команда "Тобылдан" төрт ұпай қалып келеді. "Шахтер" болса соңғы бес ойынында жеңе алмай жатыр. Вахид Масудовтың командасы соңғы рет үш ұпайды 10 қыркүйек күні еншілеген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport