"Қайрат" шетелдік футболшылармен қош айтысты

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" екі футболшымен қош айтысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Командадан жартылай қорғашуы Жасурбек Жалолиддинов пен қақпашы Никита Пивкин кетті.

"Өзбекстандық жартылай қорғаушы – Жасурбек Жалолиддинов ташкенттік "Локомотивке" оралады. Өзбекстандық клуб оны жалдан мерзімінен бұрын қайтарып алды.

"Қайрат" қақпашысы - Никита Пивкин ҰФЛ-2 лигасына оралды. Голкипер өткен маусымда "Қайрат-Мәскеу" командасында өнер көрсеткен, одан кейін "Электрон" клубына ауысып, сол жақтан жалға келген еді", - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport