Футбол
27 қыркүйек 2021 16:48

"Қайрат" шабуылшысы Вагнер Лавтың жарақаты ауыр емес

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лав Конференция лигасындағы "Базель" командасына қарсы кездесуге қатыса алады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, шабуылшының "Шахтер" командасына қарсы кездесуде алған жарақаты ауыр емес. 

"Шахтерге" қарсы кездесуде Вагнерді зембілмен алып кетті. Бұл жағдай ойынның 72-минутында Лав қарағандылық команданың қорғаушысы Абдель-Азиз Ламанжбен соғысқаннан кейін болды. 

Бірақ Вагнердің жарақаты ауыр емес. Ол бейсенбі күні "Базель" командасына қарсы кездесуге қатыса алады", - деп жазды дереккөз. 

Еске салайық, "Қайрат" алдағы "Базельге" қарсы кездесуін 30 қыркүйек күні Швейцарияда өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport