"Қайрат" шабуылшысы германиялық клубтың ең қымбат ойыншысы атанды

Вагенр Лав және Штрели Мамба. Сурет: Instagram

Алматылық "Қайраттан" жалға алу құқымен "Ганза" сапына қосылған Штрели Мамба германиялық клубтың ең қымбат ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt порталы шабуылшының құнын 800 мың еуроға бағалап отыр. Командаға Мамба келгенге дейін "Ганзаның" ең қымбат футболшысы жартылай қорғаушы Симон Рейн болған - 500 мың еуро.

Мамба "Ганза" сапына ары қарай сатып алу құқымен бір жылдық келісімшартпен жалға кетті. Клуб екінші Бундеслигада өнер көрсетеді, жақында осы лигаға "Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский де кеткен.

Еске салайық, "Қайрат" сапына Мамба қаңтарда келіп, екі жылға келісімшарт жасаған. ҚПЛ-дің биылғы маусымында ол 11 матчте ойнап, бір гол салды және бір ассист жасады.