24 жастағы шаубылшы Артур Шушеначев "Қайраттың" ҚПЛ-дегі ең мықты бомбардирлерінің ондығына кірді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Форвард Қазақстан чемпионатында 24 гол салып, бұл көрсеткіш бойынша ресейлік Андрей Аршавинмен теңесті. Алайда Шушеначев бұл көрсеткішке ресейлікке қарағанда 24 матч кем ойнап, жете алған.
Айта кетейік, "Қайраттың" ҚПЛ-дегі ең мықты сұрмергені Жерар Гоу. Сонымен қоса, үздік үштікке Әлібек Бөлешов пен Бауыржан Исламхан кіріп отыр.
Үздік ондық мынадай:
1. Жерар Гоу - 80 гол, 101 матч
2. Әлібек Бөлешов - 75 гол, 186 матч
3. Бауыржан Исламхан - 50 гол, 168 матч
4. Исаэль – 38 гол, 129 матч
5. Арсен Тлехугов – 34 гол, 66 матч
6. Асқар Әбілдаев – 34 гол, 67 матч
7. Адеринсола Эсеола – 32 гол, 69 матч
8. Серік Жейлітбаев – 26 гол, 181 матч
9. Артур Шушеначев – 24 гол, 60 матч
10. Андрей Аршавин – 24 гол, 84 матч