Футболдан Гвинея құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Судан құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Гвинеяда өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң қожайындарының сапында "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте көзге түсті. Ол 48-минутта есепті ашты. Ал 84-минутта бапкер оны алмастырды.
Айта кетейік, бұл Кантенің іріктеу кезеңіндегі бірінші голы болды.