"Қайрат" шабуылшысы әлем чемпионаты іріктеуінде ұлттық құрамасы үшін гол соқты
©"Қайрат" ФК
Футболдан Гвинея құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Судан құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Гвинея құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Судан құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Гвинеяда өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң қожайындарының сапында "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте көзге түсті. Ол 48-минутта есепті ашты. Ал 84-минутта бапкер оны алмастырды.
Айта кетейік, бұл Кантенің іріктеу кезеңіндегі бірінші голы болды.
Жарнама