Футбол
19 тамыз 13:05

"Қайрат" "Селтикпен" Чемпиондар лигасы матчін өткізу үшін Шотландияға барды

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундындағы алғашқы матчін өткізу үшін Шотландияның Глазго қаласына жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері жергілікті "Селтик" командасымен кездеспек.

Командалар арасындағы алғашқы кездесу 20-21 тамызға қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:00-де, "Селтик Парк" стадионында өтеді.

Ал қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыдағы "Орталық" стадионда ұйымдастырылады.

Екі мат қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген ұжым Еуропа лигасына қатысады.

Бұған дейін "Селтикке" қарсы "Қайраттың" ең қауіпті ойыншылары аталған болатын


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport