"Қайрат" сапындағы Алықұлов Азиядағы "Апта ойыншысы" атағына ұсынылды
Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов Азиялық футбол конфедерациясы сайтының тұжырымы бойынша "Апта ойыншысы" атауына ұсынылды,- деп хабарлайды алматылық команданың баспасөз қызметі.

"Қырғыз футболының үлкен үміті оның 2021 жылғы жарыс күнтізбесіне тамаша бастау берді, Қазақстан суперкубогындағы қосымша уақытта есепті теңестіріп сенсация жасады. Алықұловтың тамаша соққысының алдында, нәтижелі пас болды, бұл оның Алматыдағы екінші маусымына көбірек назар салу керегін білдіретін болар", - делінген Федерация сайтында.
⠀⠀⠀
АФК тұжырымынша "Апта ойыншысына" үміткерлер:
⠀⠀⠀
Сардар Азмун ("Зенит");
Сэм Керр ("Челси");
Кейтлин Форд ("Арсенал");
Махмуд Вади ("Пирамидс");
Муса Аль Таамари ("Огайо Левен");
Гүлжігіт Алықұлов ("Кайрат");
Аллахьяр Сайядманеш ("Заря", Луганск);
Гарри Суттар ("Сток Сити");
Карим Ансарифард (АЕК, Афины);
Джунья Ито ("Генк").
Айта кетейік, Алықұлов алматылық клубқа былтыр өткен болатын.
Жарнама