Футбол
30 сәуір 2021 09:06

"Қайрат" сапында бірінші рет алаңнан қуылған Вагнер Лав жылап жіберді

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионатының сегізінші турында "Ордабасыны" ойсырата ұтты. Алматыда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның үстіне алаң иелері 25-ші минуттан бастап азшылықта ойнады. Команданың бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав шымкенттік клуб қорғаушысы Александр Клещенкоға қарсы дөрекі ойнап, алаңнан қуылды. Бұл алматылық клубқа былтыр жазда қосылған бразилиялық ойыншының бірінші рет қызыл қағаз алуы. 

Бастапқыда төреші Артем Кучин сары қағаз көрсеткен болатын, алайда, одан кейін қызыл қағаз алып шықты. Алаңнан кетіп бара жатып, 36 жастағы футболшы көз жасына ерік берді.