"Қайрат" Роналдудың қазіргі командасында ойнаған футболшыны сапына қоспақ
©Football.ua
Италиялық "Романың" 32 жастағы армениялық қорғаушысы Генрих Мхитарян карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Италиялық "Романың" 32 жастағы армениялық қорғаушысы Генрих Мхитарян карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Мхитарянның келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Ал италиялықтар оны ұзартуды ұсынбапты.
Футболшы бұрын Донецк "Шахтері", дортмундтық "Боруссия", "Манчестер Юнайтед" пен лондондық "Арсеналда" ойнаған.
Клубтық карьерасында ол 537 матчте 165 гол салып, 131 ассист жасаған екен.
Еске салайық, "Қайратта" бұрын Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук және Вагнер Лав сияқты жұлдыздар ойнаған.
Жарнама