"Кайрат" "Ромамен" және "Тоттенхэммен". Конференция лигасы топтық кезеңіне шыққан командалар анықталды

Сурет: "Қайрат" ФК

Конференция лигасы топтық кезеңінде ойнайтын командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Келесі кезеңеге Еуропа лигасынан шығып қалған он команда өтті: АЗ (Нидерланды), "Алашкерт" (Армения), ХИК (Финляндия), "Заря" (Украина), "Мура" (Словения), "Омония" (Кипр), "Рандерс" (Дания), "Славия" (Чехия), "Слован" (Словакия), ЧФР (Румыния).

Қалған 22 команда Конференция лигасындағы плей-офф кезеңде жеңіске жетіп, жолдама алғандар: "Қайрат" (Қазақстан), "Рома" (Италия), "Тоттенхэм" (Англия), "Маккаби" (Тель-Авив), "Фейеноорд" (Нидерланды), ПАОК (Греция), "Партизан" (Сербия), "Анортосис" (Кипр), "Базель" (Швейцария), "Буде-Глимт" (Норвегия), "Витесс" (Нидерланды), "Гент" (Бельгия), "Карабах" (Әзірбайжан), "Копенгаген" (Дания), ЛАСК (Австрия), "Линкольн Ред Импс" (Гибралтар), "Маккаби" (Хайфа), "Ренн" (Франция), "Унион" (Германия), "Флора" (Эстония), ЦСКА (Болгария), "Яблонец" (Чехия).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport