Алматылық "Қайрат" ресми түрде Құрбан Бердыевтың команданың бас бапкері болғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Бердыев биыл "Қайраттың" бас бапкері атанған үшінші маман. Бұған дейін алматылық команданың Алексей Шпилевский жаттықтырды. Бірақ ол маусым басында германиялық командаға кетті. Кейін маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді. Алайда бұл маман клуб Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін отставкаға кетті. Содан соң бас бапкерлік қызметті Артем Гавриленко уақытша атқарып келді.
Айта кетейік, Бердыев мамыр айынан бері "Қайратта" жұмыс істеді. Ол басқарма кеңесінің төрағасының кеңесшісі болды.