"Қайрат" ресейлік ойыншымен келісімшарт жасады

©"Динамо" ШФК

Алматылық "Қайрат" футзал клубы 25 жастағы ресейлік қорғаушы Андрей Графскиймен келісімшарт жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалған. 

Бұған дейін Графский тек Ресейде өнер көрсеткен. Ол "Тюмень", "Динамо" және "Голден Игл" командаларының намысын қорғаған. 

Енді "Қайрат" бразилиялық Шашумен келісімшарт жасағанын хабарлау керек. Одан бөлек, алматылық команда Венесуэла құрамасының қорғаушысы Карлос Санзбен келісімшарт жасады. Ол ресейлік КПРФ командасына кеткен Дугластың орнын басуы тиіс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар