"Қайрат" ресейлік қорғаушыға қатысты шешім шығарды

28 желтоқсан 2022 15:13
©Қайрат ФК

"Қайрат" клубы ресейлік қорғаушы Виктор Васинмен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жаңа келісім бойынша Васин 2023 жылдың соңына дейін "халықтың" командасында өнер көрсетеді.

Виктор Васин "Қайратқа" 2022 жылдың басында қосылды. Алматылықтардың сапында 32 матчта алаңға шығып, 3 гол салды.

Еске салайық, 34 жастағы ойыншы осыған дейін ЦСКА, "Спартак-Нальчик", "Нижний Новгород", "Мордовия" және "Уфа" клубтарының намысын қорғады. 2007-2017 жылдары Ресей құрамасының сапында доп тепті.

Қазіргі таңда Transfermarkt сайты қорғаушыны 350 мың еуроға бағалап отыр. Спорттық жолында 2017 жылы 2,8 миллион еуроға дейін бағаланған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport