Алматылық "Қайрат" Ресейдің жоғарғы дивизионында өнер көрсететін клубтармен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Матч ТВ арнасы.
8 ақпанда Құрбан Бердыев шәкірттері "Химки" командасымен ойнайды. Маусымның бірінші жартысынан кейін команда Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы 16-шы орында келеді.
Сондай-ақ, ақпан айында "Қайрат" "Сочиге" қарсы жолдастық матч өткізеді. Ойынның нақты күні кейінірек белгілі болады. "Сочи" Ресей чемпионатында ЦСКА, "Краснодар" және "Локомотив" секілді командаларды артқа тастап, үшінші орында келе жатыр.