Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік "Сочиден" 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Алматылық клуб сапында Данияр Үсенов пенальтиден гол соқты.
"Қайрат": Вадим Ульянов (қ) - Дамир Қасаболат, Маки Баньяк, Арсен Буранчиев, Сұлтанбек Астанов - Яцек Гуральский (к), Антон Крачковский, Гүлжігіт Алықұлов, Еркебұлан Сейдахмет - Данияр Үсенов, Хосе Канте.
Бұл "Қайраттың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы төртінші жеңілісі болды. Бұған дейін алматылық клуб босниялық "Борацқа" (1:2), өзбекстандық "Навбахорға" (0:1) және киевтік "Динамоға" (0:4) есе жіберген болатын.
Ресей Премьер-лигасының ағымдағы маусымында "Сочи" көшбасшы командадан 7 ұпайға қалып, үшінші орында тұр.