Футбол
23 шілде 14:18

"Қайрат" Ресей құрамасының ойнышысын командаға қосты

©"Рубин" ФК

"Қайрат" футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушы Егор Сорокинмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы алматылық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалған.

Егор петерборлық СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде "Тосно", "Рубин", "Нефтехимик" пен "Краснодар" командаларында өнер көрсеткен. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.

2016 жылы маусымды Сорокин "Ақтөбе" командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы "Елімай" болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.

Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport