"Қайрат" Ресей құрамасының қақпашысымен келіссөз жүргізуде

©"Химки" ФК

Ресейлік "Химки" командасының қақпашысы Илья Лантратов "Қайрат" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлайды. 

Бұған дейін "Қайрат" құрамын ресейлік қақпашымен күшейтуге ниетті екені хабарланған. Қазіргі уақытта алматылық ұжымның басшылары 26 жастағы қақпашымен келіссөз жүргізуде. 

Лантратов осы уақытқа дейін "Шинник", "Балтика" және Факел" командаларының намысын қорғаған. Ал "Химки" сапында ол жалпы 58 кездесу өткізген. Қақпашы қараша айында Хорватияға қарсы кездесуге Ресей құрамасына шақырту алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: