Футбол
30 қыркүйек 09:42

"Қайрат" - "Реал" матчіне тікелей трансляция

©"Қайрат" ФК

Бүгін, 30 қыркүйекте алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік "Реалмен" өз алаңында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді және 21:45-те басталады. Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан 21:35-те көрсетіледі.

"Қайрат" – "Реал" Чемпиондар лигасы матчының тікелей көрсетілімі

Еске салайық, "Реал" Алматыға 29 қыркүйекке қараған түні келді. Испаниялық клуб матч қарсаңында стадионның алаңын байқап көрді.

Журналистер алдында "Реалдың" капитаны уругвайлық Федерико Вальверде мен бас бапкер Хаби Алонсо сөз сөйледі.

Ал алматылықтар тарапынан бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қорғаушы Егор Сорокин ойын алдындағы пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, бірінші турда "Қайрат" сырт алаңда "Спортингке" 1:4 есебімен есе жіберсе, "Реал" "Марсельді" 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport