Футбол
1 қазан 10:04

"Қайрат" - "Реал" матчіндегі ең сұрапыл ойыншы анықталды

©УЕФА

SofaScore аналитикалық порталы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матчқа қатысқан ойыншыларға баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті және алаң қонақтарының пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында Килиан Мбаппе хет‑трикпен көзге түсті (25‑минутта пенальтиден, 52 және 73‑минуттарда), сонымен қатар Эдуардо Камавинга (83) мен Браим Диас (90+3) бір-бір голдан соқты.

9,6 ұпаймен үздік ойыншы Мбаппе болып оытр. "Реал" құрамынан екінші үздік - ол қорғаушы Дин Хейсен болып оты - 8,5. Мадридтіктер арасында ең төмен баға алғандар Винисиус Жуниор, Франко Мастантуоно, Фран Гарсия және Рауль Асенсио болды, барлығы 6,7 балл.

"Қайрат" құрамында ең жоғары бағаны - Жоржиньоға берді - 6,6, ал Дастан Сәтбаевтың ойыны 6,4 ұпаймен бағаланды. Алматылықтар арасында ең төмен баға Луиш Матада - 5,6, ал 18 жастағы қақпашы Шерхан Калмурза 5,9 ұпаймен бағаланып отыр.

Айта кету керек, бұл "Кайрат" үшін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде екі матчтағы екінші жеңіліс болды, ал "Реал" қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Бірінші турда алматылық клуб сырт алаңда "Спортингке" (1:4) есе жіберсе, мадридтіктер өз алаңында "Марсельді" (2:1) жеңген болатын.

"Кайраттың" Чемпиондар лигасындағы ойындары төмендегідей өтеді:

21 қазан: "Кайрат" – "Пафос" (21:45)
6 қараша: "Интер" – "Қайрат" (01:00)
26 қараша: "Копенгаген" – "Қайрат" (22:45)
9 желтоқсан: "Қайрат" – "Олимпиакос" (20:30)
20 қаңтар: "Қайрат" – "Брюгге" (20:30)
29 қаңтар: "Арсенал" – "Қайрат" (01:00).



 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport