"Қайрат" президенті жібермеді". Алматылық команда бапкері Ресейлік клубқа неге ауыспағаны айтылды

Сурет: ҚКФЛ

"Матч ТВ" арнасының жүргізушісі әрі комментатор Роман Нагучев Sputnik Казахстан порталына "Қайрат" бапкері Алексей Шпилевский мәскеулік "Динамоны" жаттықтыру ұсынысын неге қабыл алмағанын айтты. 

- БАҚ-та Шпилевский мәскеулік "Динамоға" бапкер болатын мамандардың қысқа тізімінде жүрген деген ақпар тараған. Бұл туралы не айта аласыз?

- Менің білуімше, онда бірнеше кандидатура болды - олардың бәрі Германияда жұмыс істеп көргендер, арасында Алексей де бар. Ақыры "Динамо" сол кезде бос болған маманды алды. Қазақстан чемпионаты өтіп жатты, команда міне-міне чемпион болғалы тұрды - Шпилевскийді "Қайрат" президенті жібермей қойды. 

Осылайша, "Динамо" командасын "Майнц" клубының бұрынғы бапкері Сандро Шварц жаттықтырады.