"Қайрат" португалиялық ойыншыны сапына қосуы ықтимал

Рикарду Алвеш, Сурет: © РИА Новости / Михаил Докудовский

Португалиялық Рикарду Алвеш "Қайрат" сапына өтуі мүмкін. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы хабарлап отыр.

Бұл футболшыны алматылық командаға былтыр да ұсынған екен, алайда, ол кездегі бас бапкер Алексей Шпилевский оған мүлде қарсы болған. Осыған байланысты 28 жастағы хавбек Абат Айымбетов өнер көрсететін "Крылья Советов" командасына ауысады. Самаралық клубта ол 12 матч өткізіп, бірде-бір гол салмады. 

Енді футбол агенттері ісіне қайта кірісіп, Алвешті "Қайратқа" орналастыруға тырысуда.

Еске салайық, жазғы трансферлік кезеңде алматылық клубтың бірінші жаңа ойыншысы "Барселона" түлегі Маки Баньяк болды.